Финляндияда басталған шайбалы хоккейден элиталы дивизионның әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы қатарынан бесінші турда жеңілді. Жерлестеріміз топтық кезеңнің алғашқы бәсекелерінде Дания (1:9), Франция (1:2) және Швейцария (2:3) құрамаларына жол берсе, кейінгі екі турда да Канада мен Словакия хоккейшілерінен ұтылып, тағы да ұпайсыз қалды. Ал бұл кезеңде Италия және Ұлыбритания құрамалары чемпионаттағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді.
Қазақстандық хоккейшілер төртінші турда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты тарихында 27 мәрте бас жүлдені жеңіп алған Канада құрамасымен кездесті. Олар былтыр Латвия астанасы – Ригада ұйымдастырылған жаһандық додада топ жарған болатын. Сол чемпионатта да екі елдің хоккейшілері бір топта өнер көрсетіп, канадалықтар 4:2 есебімен жеңіске жеткен-ді. Биылғы матчта да Канада құрамасының мерейі үстем болды – 6:3.
Кездесудің алғашқы кезеңінде қазақстандық хоккейшілер қарсыластардың атағынан еш қаймықпай, жеңіс үшін барын салды. Тіпті матч барысында Юрий Михайлис шәкірттері екі рет есепте алға шығып алғанын айта кеткен жөн. Алдымен ойынның үшінші минутында Егор Петухов Әлихан Әсетовтің тамаша пасынан кейін есепті ашты. Алайда арада бір минуттан сәл аса уақыт өткенде канадалықтар Дилан Козенстің соққан шайбасы арқылы таразы басын теңестіріп кетті. Кейіннен канадалық хоккейшілер ойын тәртібін жиі бұза бастады. Сан басымдығына ие болған Қазақстан құрамасы 13-минутта қайтадан есепте алға шықты. Бұл жолы Аркадий Шестаков мергендігімен көзге түсті. Бірақ арада көп уақыт өтпей Канада хоккейшілері тағы да есепті теңестіріп кетті. Андрей Шутов қайтарған шайбаға бірінші жеткен Дрейк Батерсон командасының екінші шайбасын соқты. Бірінші кезеңнің аяқталуына екі минут қалғанда бұл жолы қарсылас команда ойыншылары сан басымдығына ие болып, кездесуде алғаш рет есепте алға шықты. Шайбаның авторы – Адам Лаури. Осылайша, алғашқы кезеңде Канада камбэк жасады.
Екінші кезеңнің бел ортасынан ауғанда канадалық Дэймон Сиверсон Андрей Шутовпен бірге-бір шығып, қақпашымыздан оп-оңай айласын асырды. Ал үшінші кезеңнің 47-минутында Кирилл Савицкий мергендік танытып, есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік алған-ды. Алайда матчтың соңына дейін Дилан Козенс тағы екі шайба соғып, ойынның нүктесін қойды.
Араға бір күн салып Қазақстан құрамасы бесінші турда Словакия хоккейшілерімен мұзайдында шеберлік байқасты. Дәл осы турда Қазақстан құрамасының ұпай алатын тамаша мүмкіндігі бар еді. Себебі Словакия алғашқы турда Францияны (4:2) жеңгенімен, кейінгі үш турда Германия (1:2), Канада (1:5) және Швейцариядан (3:5) жеңілген-ді. Яғни құрамалардың күштері тең еді.
Соған қарамастан кездесудің есебін бірінші болып Словакия ойыншылары ашты. Бірінші кезеңнің 13-минутында Әлихан Әсетовтің қателігінен кейін шайбаға иелік еткен Самуэль Такачтан тез арада қақпа маңайында тұрған әріптесі Андрей Колларге пас шығарды. Коллар өз кезегінде Андрей Шутов қорғаған қақпаны дәл көздеп, аттасын қапы қалдырды. Алайда словакиялық жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа созылмады. 15-минутта Юрий Михайлис шәкірттері сан басымдығын жүзеге асырып, таразы басын теңестірді – 1:1. Джесси Блейкердің көк сызықтың бойынан қақпаға жасаған жойқын соққысын Словакия құрамасының қақпашысы қайтарғанымен, кейін серпілген шайбаға Кирилл Панюков бірінші жетті. Арада екі минут өткенде жерлестеріміз тағы да сан басымдығына ие болып, бұл жолы да мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ. Бұл шайба да дәл алғашқы голдың сценарийімен соғылды. Роман Старченконың сол қапталдан жасаған соққысын қақпашы қайтарғанымен, оң қапталдан шабуылдаған Дмитрий Шевченконың соққысына тойтарыс бере алмады – 2:1.
Алайда екінші кезеңнің орта тұсына келгенде Павел Акользин ойын ережесін бұзғаны үшін төреші тарапынан бес минут айыппен жазаланып, әріптестерін қиын жағдайға қалдырды. Салдарынан ойынның 30-минутында Мартин Фегервары таразы басын теңестірсе, 34-минутта Адаму Лишку командасын есепте алға шығарды. Ал 35-минутта төрешілер қазақстандық командаға қатысты тағы да тәртіптік шара қолданып, Андрей Шутов қақпасына буллит тағайындады. Оны өз кезегінде Юрай Слафковски айна қатесіз орындап, есепті – 4:2-ге жеткізді.
Үшінші кезеңнің басында Қазақстан құрамасы Кирилл Панюковтың арқасында жылдам есеп айырмасын қысқартқанымен, матч соңына дейін Юрий Михайлис шәкірттерінің таразы басын теңестіруге шамасы жетпеді. Қорытынды есеп – 3:4. Осылайша, Қазақстан құрамасы қатарынан бесінші мәрте жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр болды.
«А» тобының бесінші турынан кейін Швейцария құрамасы 15 ұпаймен жеке-дара көш бастады. Ал 12 ұпайы бар Канада мен Германия екінші және үшінші орындарды бөлісіп тұр, 9 ұпайдан иеленген Дания мен Словакия сәйкесінше бесінші және алтыншы орынға жайғасқан. Сондай-ақ екі жеңісі бар Франция алтыншы сатыға жайғасса (5 ұпай), дәл осы «үш жолақты» елдің хоккейшілерінен овертаймда жеңілген Италия бір ұпай еншілеп, жетінші орынға тұрақтады.
«В» тобында Финляндия 16 ұпаймен көш бастап тұр. Кейінгі орындарға Швеция (12 ұпай), Чехия (10), АҚШ (10), Латвия (5), Норвегия (5), Аустрия (4), Ұлыбритания (1) жайғасты.
Жерлестеріміз кеше топтық кезеңнің алтыншы туры аясында Германия құрамасымен кездесті.
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар