Арнайы құрылған комиссия Шымкент қаласындағы жарылыс шығынын есептеп жатыр. Оқиғадан көпқабатты үй, көліктер ғана емес, облыстық перинаталдық орталықтың ғимараты мен қымбат медициналық құрал-жабдықтар зардап шеккені белгілі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдай орын алған жердің жанында бірінші қабатта жансақтау бөлімі орналасқан. Онда шала туған нәрестелер жатқан еді. Үшемнің бірі қайтыс болды.
Брифингте қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пәшімов олардың анасының қайғылы оқиғадан бірнеше сағат бұрын тағы бір баласынан айырылғанын мәлімдеді.
Жергілікті әкімдік қаза тапқан үш адамның отбасына материалдық көмек көрсетеді. Қаза болғандар арасында перзентхананың күзетшісі мен бригада құрамында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылыс компаниясының қызметкері де бар. Қазір дәрігерлер апат салдарынан зардап шеккендердің өмірі үшін күресіп жатыр. Олардың арасында перинаталдық орталық қызметкерлері: санитарлар, медбике және перзентханаға интернет орнатуға келген тағы бір ер адам бар. Науқастардың жағдайы ерекше бақылауға алынды.
Бүгінде №1 облыстық перинаталдық орталықтың пациенттері №2 облыстық перинаталдық орталықтың ғимаратына, Шымкент қаласының №1, 2 қалалық ауруханаларына, қалалық перинаталдық орталыққа және облыстық балалар ауруханасына көшірілді. Олар дәрігерлер мен психологтардың тұрақты бақылауында тұрғанын кеше өңірде өткен баспасөз конференциясында ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова хабарлады.
«Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы Марат Пашимовпен және медициналық ұйымдардың бірінші басшыларымен бірлесіп, жарылыс кезінде зардап шеккендер жатқызылған клиникаларды аралап шықтық. Екі пациенттің жағдайы тұрақты, орташа ауыр жағдайда 7 пациент бар, қажетті бейінді медициналық көмек толық көлемде көрсетілді. Науқастармен әңгіме жүргізілді, көрсетілетін медициналық көмектің сапасына пациенттер қанағаттанды», деп хабарлады министрлік өкілі.
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Шабандоз тақым қысып оқитын жыр
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар