Қоғам • 23 Мамыр, 2022

АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға келеді

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы аптада Қазақстанға АҚШ Мемлекет хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Дональд Лу келеді, деп хабарлайды Egemen.kz АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға келеді

Лу АҚШ делегациясын бастап, АҚШ-тың аймақпен қарым-қатынасын нығайту және Орталық Азиямен неғұрлым тығыз байланыс орнату үшін 23-27 мамыр күндері Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанға сапар жасайды деп күтілуде.

Америкалық делегация Қазақстандағы реформалардың күн тәртібін, адам құқықтарын қорғауды күшейту және әйелдердің құқықтарын кеңейту шараларын талқылау мақсатында жоғары лауазымды тұлғалармен және азаматтық қоғам жетекшілерімен кездеседі.

АҚШ Мемлекеттік департаменті делегациясының құрамына Ресей және Орталық Азия бойынша Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің аға директоры Эрик Грин, АҚШ Қорғаныс министрнінің Ауғанстан, Пәкістан және Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары Ребекка Циммерман, Халықаралық даму агенттігінің Азия бюросы әкімшісі көмекшісінің орынбасары Анджали Каур және АҚШ қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі аппарат басшысының орынбасары Наз Әл-Хатиб кіреді.