Тағайындау • 23 Мамыр, 2022

Маңғыстау облысының Бас архитекторы тағайындалды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Дәурен Өтепқали Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысының Бас архитекторы тағайындалды

Дәурен Өтепқали «құрылыс» және «заңгер» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын 2010 жылы Маңғыстау облысының Сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы болып бастаған.

2011-2013 жылдар аралығында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Маңғыстау облыстық филиалында маман, бөлім басшысы болып қызмет атқарған.

2015-2022 жылдар аралығында облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, одан кейін Қала құрылысы және жерді бақылау басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерінде болды.

2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің облыстық департаменті басшысының орынбасары болды.

Облыс әкімі басқарманың жаңа басшысын ұжымға таныстырып, жұмысына табыс тіледі.