Бүгінгі кездесудің екі құрама үшін маңызы зор болды. Жеңгені алдағы жылы да топ-дивизионда ойнауына мүмкіндік алады. Жеңілгені төменгі дивизионға түседі.
Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілердің басымдығы байқалды. Қазақстандық құрамадан Кёртис Валк 11-минутта есеп ашса, оған 14-минутта италиялық Брэндон Макнелли бір голмен жауап қайырды.
Бірінші кезеңнің 15-минутында қазақстандық Валерий Орехов есепті ұлғайта түсті. Екінші кезеңнің 24-минутында Әлихан Әсетов есеп айырмасын тағы бір голға ұлғайтты. Бұдан кейін италиялық Диего Костнер 25-минутта гол соғып, кездесудің маңызы арттырды. Үшінші кезеңде Роман Старченко 43, Никита Михайлис 46-минуттарда Қазақстан құрамасының басымдығын арттырды.
Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті. Нәтижесінде алдағы жылы топ-дивизионда қалу мүмкіндігін сақтап қалды. Екі құрама бұған дейін 8 мәрте кездесті. Оның 5-уі Қазақстанның жеңісімен аяқталса, қалғанында италиялық құрама басым түсті.