Ведомство өкілдерінің айтуынша, барлық тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 551, 545-баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.
«Оның ішінде, шетелдік валютаны сыртқа алып кетуге тыйым салу күшіне енген соң, кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 280 000 долларды құрайтын қолма-қол ақшаны кедендік шекара арқылы алып кетпек болған 21 дерек белгілі болды. Барлық оқиға Нұр-Сұлтан (6 факт) мен Алматы (15 факт) қалаларының халықаралық әуежайларында орналасқан кеден бекеттерде тіркелді», деп жазылған комитет хабарламасында.
Айта кетсек, Мемлекет басышысының Жарлығымен ел аумағынан:
- 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын және әкету күніне белгіленген Ұлттық банк бағамы бойынша есептелген сомадағы қолма-қол шетел валютасы және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;
- Ұлттық банк шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 грамм аффинирленген алтын құймаларын және ALTYN BARYS алтынынан және KÚMIS BARYS күмісінен жасалған инвестициялық монеталарды, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынған.