«Дипломдық жұмыстардың жыл сайын қайталанатыны ешкімге жасырын емес. Бізде дипломдық жұмыстар мен жобаларды әзірлейтін көлеңкелі нарық бар. Олардың бәрі бірдей. Аталған мәселені шешу және алдын алу мақсатында біз заңға өзгерістер енгізу бастамасын көтеріп отырмыз», деді Асхат Аймағамбетов ведомствода өткен аппараттық жиналыста.
Осылайша Білім және ғылым министрлігі тапсырыс бойынша диплом жазатындармен күреспек.