Оқиға • 24 Мамыр, 2022

Өзбекстанда заңсыз ұсталған қазақстандық туристерге қатысты СІМ пікір білдірді

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанда заңсыз ұсталған қазақстандық туристерге қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстанда заңсыз ұсталған қазақстандық туристерге қатысты СІМ пікір білдірді

Айбек Смадияров заңсыз ұсталған қазақстандықтар ісіне қатысты ҚР СІМ Өзбекстанға үндеу жолдағанын жеткізді.

«Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін хат жолдады. Біз өз азаматтарымыздың құқығын қорғаймыз. Әлеуметтік желілерде тараған Өзбекстан полицейлері біздің азаматтарға электрошокер қолданған видеоны көрсеңіздер, пікірлерде өзбек халқының өзі құқық қорғау органдарының әрекетін айыптап жатыр. Дегенмен, біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Ол жақта ішкі тергеу басталды, полицейлер қызметінен шеттетілді. Біз бұған араласпауға тырысамыз және азаматтарымызды қорғау мәселесіне қатысты тұсын ғана қадағалаймыз», деді Айбек Смадияров тілшілерге Үкімет отырысынан кейін.