«ҚТЖ теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзғандарға жазаны қатаңдатуды ұсынды. Бұл Әділет министрлігінде қаралып жатыр», деп хабарлады ҚТЖ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Бақытбек Алдажаров.
Ұлттық компания теміржол бойымен белгіленбеген жерлерде өтетін адамдарға қатысты әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату мақсатында осындай ұсыныс енгізді.