ANTIKOR • 24 Мамыр, 2022

БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы ұсталды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы ұсталды

Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі соталды тергеп-тексеру шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманын әшкереледі, ол «Ж» ЖШС директорынан ЖШС пайдасына салықтық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде 40 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді», делінген хабарламада. 

Тергеу мүддесінде соталды тергеуге қатысты өзге деректер жарияланбайды. 

Күдіктінің кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.