Спорт • 24 Мамыр, 2022

Отандасымыз Уимблдонда өнер көрсетеді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова америкалық Ваня Кингпен бірге Уимблдон турнирі аясында өтетін Ladies lnvitational Doubles жарысына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз Уимблдонда өнер көрсетеді

Аталмыш додада өз спорттық жолын аяқтаған ойыншылар өнер көрсетеді.

«Мен өте қуаныштымын. Ұлыбританияда Ванямен кездесуді асыға күтемін. Енді лайықты өнер көрсету үшін мықтап жаттығу керек», деді Я.Шведова.

2010 жылы Ярослава мен Ваня «Үлкен дулыға» турнирінің бірі, бай тарихы бар Уимблдон жарысында жеңімпаз атанған еді.

Финалда олар ресейлік Елена Веснина мен Вера Звонареваны ұтқан болатын. Есеп - 7:6, 6:2 болған.