Білім • 24 Мамыр, 2022

Гарвардтан шақырту алды

309 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасындағы NIS түлегі Анель Жүнісованы Гарвардтағы әйгілі Harvard Medical School мектебі тағылымдамадан өтуге шақырды. Білімімен бағы жанған жас дарын Назарбаев зияткерлік мектебін 2018 жылы бітірген болатын.

Гарвардтан шақырту алды

Қолына аттестат алғаннан кейін Анель Жүнісова Оңтүстік Кореядағы Ulsan National Institute of Science and Tech­nology деп аталатын оқу орны­­на түсіп, «Биомедициналық инженерия» және «Бизнес-әкімшілік» мамандықтары бойынша қос диплом бағдарламасын таңдады.

Университетте жүргенінде ол ғы­лым мен қоғамдық жұмысты ұштас­тырып, белсенділігімен көзге түсті. Атап айтқанда, Анель екі жыл бойы 50 ұлт өкілінен тұратын UNIST Халық­аралық студенттер ұйымының пре­зиденті болды. Бұған қоса ол NIS Alumni-дің Оңтүстік Кореядағы филиа­лын құрды. Оның бағдарламасы бойын­ша жергілікті жоғары оқу орындарына түсуге 600-ден астам талапкер үшін тегін тәлімгерлікті қамтамасыз етуге және түрлі іс-шаралардың көмегімен Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға келген студенттерді біріктіруге қаржы бөлінді.

Мұның өзі Анель Жүнісоваға Син­гапур ұлттық университеті жанын­дағы аурухананың бір бөлігі саналатын Сингапур клиникалық зерттеулер инс­титутында ақылы тағылымдамадан өтуге жол ашып, ол жарты жылға Ко­рея­­дан осы елге көшіп барды.

Анель өзінің осындай шешім қа­былдағанына қуанышты екенін айта­ды. Өйткені дәл осы жерде педиатрия­лық неврология бөлімінде өзі армандаған бағытымен қауыша алды.

– Мен 3-7 жас аралығындағы балаларда аутистік бұзылыстың дамуы мен пайда болуын зерттеу бойын­ша өзімнің зерттеу жобамды қаржы­ландыру көзіне қол жеткізе алдым. Зерттеуім МРТ суреттерін, генетикалық биомаркерлерді және балалардың жалпы психиатриялық жағдайын талдаудың пәнаралық интеграциясына негізделген, – дейді жас ғалым.

Гарвардта Анель есте сақтау, альц­геймер, клиникалық депрессия про­цес­терін және аутизмді зерттемекші. Нақтырақ айтқанда, ол миды зерт­теудегі іргелі кітаптардың, нұс­қау­лық­тардың және бағдарламалық жасақ­таманың авторларымен бірігіп жұмыс істей отырып, өзінің жобаларын дамытуды жалғастырады.

 

Қарағанды облысы