Қазақстан • 25 Мамыр, 2022

Түлектер алтын ұясымен қоштасуда

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мектеп – қашанда ақыл-ойдың, парасат пен пайымның ордасы. Балалық аппақ армандардың мекені. Адамның адами болмыс-бітімін қалыптастыратын орын. Болашақ биігіне бағыттайтын білім ордасына қарыздар емес адам жоқ шығар, сірә!

Түлектер алтын ұясымен қоштасуда

Адам бала­сының жүрегінде қадір тұтып құрметтейтін ең ұлы ұғым – Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі ұғым болған. Жақсы жанды көргенде «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы», «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер жиі айтылады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгер­шілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін балапандай аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады.

А.Фердинанд: «Кісінің бойындағы үйрену құ­марлығын оятқан адам, ең жақсы мұғалім» деп нағыз мұғалімнің келбетін көз алдымызға әкелгендей. 

Бүгін Қазақстанның барлық мектебінде Соңғы қоңырау рәсімі екі жылдық карантиннен кейін дәстүрлі түрде өтеді.

Салтанатты шара мектеп бітіруші  түлектер үшін толғанысы көп  ерекше сәтке толы. Себебі, осыдан он бір жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын  аттаған балғындар  таудай болып, алтын ұясымен қоштасуда.