Аймақтар • 25 Мамыр, 2022

Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне қайта оралды

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов қызметтік міндеттерін атқаруға қайта кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне қайта оралды

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың ұсталғаны туралы ақпарат 24 қаңтарда жарияланған. Қаржы мониторингі агенттігі бұл деректі 4 ақпанда ресми растады. Шенеуніктің екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Ғалымжан Ниязов сұйытылған мұнай-газын жеткізу саласына жауапты болған. Оған қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген айып тағылды. 17 ақпанда сот тергеушінің бұлтартпау шарасын «үйқамаққа» өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды. Осы уақыт бойы әкім орынбасары жалақысыз еңбек демалысында болған.