Пайдалы қазбалар • 25 Мамыр, 2022

Қазақстанда пайдалы қазбаларды өндіру салығының көлемі артады

748 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі құжатты қарау кезінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Қазақстанда пайдалы қазбаларды өндіру салығының көлемі артады

«Бірінші міндет – табиғи ресурстарды өндіруден түсетін кірісті күшейту. Қатты пайдалы қазбалар бағасының динамикасы талданды. Мәселен, 2018-2022 жылдар кезеңінде биржалық металдар бағасы 40 пайыздан жоғары өсім көрсетті. Биржадан тыс пайдалы қазбалар (темір кені, хром кені, марганец және т.б.) орта есеппен 20% -дан 40%-ға дейін өсті. Осыны ескере отырып, биржалық металдар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығының (ПҚӨС) мөлшерлемелерін 50 пайызға, ал қалған қатты пайдалы қазбалар бойынша 30%-ға ұлғайту ұсынылады», деді Әлібек Қуантыров.

Министрдің айтуынша, салық жүктемесін ұлғайтумен қатар, геологиялық барлауды және жаңа кен орындарын ашуды ынталандыру бойынша қадамдар ескерілген.

«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, рентабельділік деңгейі 15 пайызға (IRR) жеткенге дейін, барлау және өндіру 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін басталатын жаңа кен орындары бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығынан босату ұсынылады», деді министр.