Қоғам • 25 Мамыр, 2022

Қазақстанда ақылы жолдармен кімдер тегін жүре алады?

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда  Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ақылы жолдармен тегін жүруге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ақылы жолдармен кімдер тегін жүре алады?

Бұл көлік мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілген түзетулер шеңберінде көзделген.

«Ақылы жолдар бойынша тегін жүру нормасы ҰОС ардагерлеріне және қызметін жүзеге асыратын күштік органдарының қызметкерлеріне тіркелген автокөліктерге қолданылады. Өкінішке қарай, бізде ардагерлер көп емес, біз ардагерлерге теңестірілгендердің санатын да қарастырамыз», деді Мәжіліс депутаты Альберт Рау.

Оның айтуынша, қазір тиісті есептеулер жүргізіліп жатыр, бірақ заң жобасы екінші оқылымда қаралғанға дейін мәселе шешіледі.

Айта кетсек, заң жобасында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қоғамдық көлікте жүруге жеңілдіктер беретін нормалар қарастырылған.

Мәселен, әлеуметтік маңызы бар қатынастарда, сондай-ақ қалалық (ауылдық), қала маңындағы қатынастарда тұрақты автомобиль маршруттарында тегін жол жүруге болады:

  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, бірінші топтағы мүгедектер;
  • 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдарға жол жүру құжатының толық құнының 50%-ын төлей отырып, жол жүру құжатын сатып алу құқығы беріледі.