Тағайындау • 25 Мамыр, 2022

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі тағайындалды

746 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Қазақстан Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша Еркебұлан Оразалин Медеу ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі тағайындалды

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының жаңа әкімін таныстыру кезінде Оразалиннің басшылығымен Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Алматыда шағын және орта бизнесті қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті.

Жалпы, зардап шеккен кәсіпкерлердің 97%-ы өз қызметін қалпына келтірді. 20 мамырға 14 082 240 817 теңгеге 1568 өтінім мақұлданды.

«Осынау қиын-қыстау кезеңде Еркебұлан Оразалин өзін жауапты және білікті маман ретінде көрсете білді, жоғары ұйымдастырушылық қабілеттері мен іскерлік қасиеттерін көрсетті», деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Еркебұлан Оразалин өзінің еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы ақпараттық-талдау орталығының ақпараттық-коммуникативтік бөлімінің сарапшысы қызметінен бастады.

2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары Алматы қаласының Өңірлік даму әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының Инвестициялар жөніндегі департаментінің директоры болды.

2012 жылдан 2016 жылға дейін Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары, басшысы лауазымын атқарды.

2016-2019 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, Әлеуметтік сала және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік еткен.

2019 жылдан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарған.