Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уфук Екиджи, Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Агалар Атамогланов, Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджепов, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабер, Отандастар қорының басшысы Абзал Сапарбекұлы, филология ғылымдарының докторы Әділ Ахметов, Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов, С.Сейфуллин атындағы музейдің директоры Несіпбек Айтұлы, сонымен қатар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу орталықтарының басшысылары, бауырлас елдердің Қазақстандағы елшілері, танымал ғалымдар, сондай-ақ бірқатар жетекші БАҚ басшысы қатысты.
Іргелі еңбекке Күлтегін ғұрыптық кешені бойынша соңғы кезде жасалған соны ғылыми мәліметтер, архивтік және тарихи құжаттар, эстампаж үлгілері, бүгіндері сирек кездесетін мәліметтер, фотосуреттер, кешеннің сызба жаңғыртпасы секілді бір қатар мағлұматтар жүйеленіп енгізілді.