«Зымыран 550 шақырым биіктікке көтеріліп, 300-дей шақырым өтіп, шығыс жағаға құлады. Біз ҚХДР-дің ядролық және зымыран сынақтарына бей-жай қарай алмаймыз. Бұл біздің елімізге және әлемдегі бейбітшілікке қауіп төндіреді», дейді Жапонияның қорғаныс министрі Нобуо Киси.
Бұл сынақ АҚШ президенті Джо Байденнің Азияға сапары аяқталысымен жасалған. Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльмен өткен кездесуде Пхеньяннан төнген қауіпке тойтарыс беру үшін жаңа шараларды қолға алу туралы сөз қозғалған еді.
Айта кетсек, КХДР жыл басынан бері осымен 17 рет зымыран ұшырып отыр.
АҚШ Солтүстік Кореяның гипердыбысты қаруларды тәжірибеден өткізіп қана қоймай, жақын арада ядролық қаруды да сынап көруі мүмкін деп отыр.
Салтанат Кенжебай