«Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері ҰҚК шеқара қызметі мен Әуежай бақылау қызметі мамандарымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан-Ташкент бағытында қатынайтын әуе рейсімен ұшатын жолаушыларды кедендік бақылаудан өткізгеннен кейін аталған заң бұзушылықты анықтады.
«Д есімді азаматтың қолжүгін рентген арқылы қарағаннан кейін жолаушы жүк бөліміне шақырылды. Тексеру барысында оның сөмкесінен 21 650 АҚШ доллары (9 млн теңге) анықталды. Бұл дерек бойынша әкімшілік материал толтырылды», деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.