Аймақтар • 26 Мамыр, 2022

Қызылордада қала тазалығына жауапты жұмысшылар автобуста тегін жүреді

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында 1 маусымнан бастап «Қызылорда тазалығы» мекемесінің жұмысшылары қоғамдық көлікте тегін жүретін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада қала тазалығына жауапты жұмысшылар автобуста тегін жүреді

Бұл мәселе облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тұрғындарды қабылдауында айтылды.

«Қызылорда тазалығы» кәсіпорнында 18 жылдан бері еңбек етіп жүрген Гүлайым Қарғабаева қабылдау кезінде қоғамдық көлікпен жиі қатынайтынын, ол қалтаға едәуір салмақ салатынын айтып көмек сұрады.

Облыс әкімі «Қызылорда тазалығы» мекемесінің жұмысшыларының еңбегі аса жауапты әрі қиын екенін айтып, бұл жөнінде қала әкімі Асылбек Шәменовке тапсырма берді.

Тазалық мекемесінің жұмысшылары енді 1 маусымнан бастап қоғамдық көлікте тегін жүру билетіне ие болмақ.

 

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше