Техникалық себептерге байланысты ұшақ Ташкент уақытымен 21:10-да Түркияның Трабзон әуежайына қонуға мәжбүр болды. Өзбекстан әуежайының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, ұшақ бортындағы 240 жолаушының өміріне қауіп төнген жоқ. Барлық сапар шегушілер Трабзондағы қонақ үйге орналастырылып, жақын арада Ыстанбұлға жеткізіледі.
Одан бөлек, 21:45-те ұшуы тиіс Ыстанбұл-Ташкент бағытындағы HY-274 рейсі кейінге шегерілді. Қазір Ыстанбұлдан Ташкентке жолаушыларды тасымалдау үшін резервтік ұшақ жіберу мәселесі қарастырылуда.
«Жолаушылардан кешірім сұрай отыра, уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуға шақырамыз», дейді әуежай басшылығы.
Салтанат Кенжебай