Қоғам • 26 Мамыр, 2022

Оңтүстіктен Солтүстікке көшетіндерге әлеуметтік көмек көлемі өседі

3511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов солтүстік өңірлерге көшуді қалайтын азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстіктен Солтүстікке көшетіндерге әлеуметтік көмек көлемі өседі

Ералы Тоғжановтың айтуынша, елімізде Dauletten қайырымдылық қорының жұмысы аясында «Бала-шағамен солтүстікке» жобасы жүзеге асырылуда. Вице-премьердің мәліметінше, жоба аясында 1300 адам оңтүстіктен солтүстік өңірлерге көшуге өтініш білдірген. Негізінен Түркістан облысының, сондай-ақ Маңғыстау облысының тұрғындары жүгінуде.

«Бұл бағытта көшуге жағдай жасау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Қызықты тетіктердің бірі – Жамбыл облысының тәжірибесі бойынша кооперативтер құру мүмкіндігі болады. Кооперативке кіретін барлық адамдардың белгілі бір жеңілдіктері, соның ішінде мемлекеттің субсидиялауы, белгілі бір технологияларды сатып алу, белгілі бір жеңілдікті-кредиттік ресурстарды алуы болады», деді Ералы Тоғжанов Сенатта тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге Е. Тоғжановтың айтуынша, қоныс аударушыларды қолдау бойынша тағы бір әлеуметтік шара – солтүстікке көшуге ниет білдіргендер үшін АӘК мөлшерін ұлғайту қарастырылып жатыр.

«Мұны Парламентке енгіземіз деп ойлаймын. олтүстікке көшуге ниет білдіргендер үшін атаулы әлеуметтік көмек мөлшері ұлғаюы мүмкін. Бұл ұсыныс талқыланып жатыр, оны Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне енгіздік.

Білім министрлігінің «Серпін» бағдарламасы, «Бала - шағамен солтүстікке» жобасы бар. Әлеуметтік кодекс аясында да жобалар талқыланады», деді Ералы Тоғжанов. Оның айтуынша, қоныс аударушыларға әлеуметтік қолдау көрсету шешімді жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін.