Референдум-2022 • 27 Мамыр, 2022

Алаңда – Ассамблея жастары

507 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордадағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты «Референдум – маңызды демократиялық институт» тақырыбында сараптамалық дөңгелек үстел өткізді.

Алаңда – Ассамблея жастары

Дөңгелек үстел жұмысына «Ассамблея жастары» РҚБ, Нұр-Сұл­тан қаласындағы Amanat пар­­тиясы Алматы аудан­дық фи­лиа­лының өкілдері, Л.Н.Гуми­лев атындағы ЕҰУ сту­дент­­тері және Жастар қанатта­ры­ның мүше­лері қатысты.

Іс-шараны алғысөзімен аш­қан «Ассамблея жастары» РҚБ Нұр-Сұлтан қаласындағы өкіл­ді­гінің басшысы Анастасия Ти­мощенко рефе­рендумның маңыз­дылығына тоқ­тала келе, халық даусының ше­шу­ші рөл атқа­ра­тынын, сол се­беп­ті де оған әр азаматтың атсалысуы керектігін атап өтті.

«Мемлекет басшысы ел Конс­ти­туциясына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша ре­фе­­рендум өткізуді ұсынды. Біздің ортақ мис­сиямыз – қо­ғамы­мыздың да­на­лығы мен кемел­дігін тағы да дәлелдеп, Отанымыздың бола­ша­ғы­на, оның дамуы мен гүлдену жолына үлкен әсер ететін референдум өткізуге ықпал ету», деп атап өтті ол.

­«Ассамблея жастары» рес­пуб­ликалық қоғамдық бірлес­ті­­гінің төрағасы Тимур Жұмыр­баев Жаңа Қазақстанның тұ­жы­рым­да­масының маңыз­ды­лығын түсін­ді­ре келіп, Қа­зақстан халқы Ассам­блея­сы бұл идеяны жүзеге асыру тетіктері туралы қоғамдық пікір­та­лас­тар үшін қолайлы алаң бола алатынын атап өтті.

Отырыс барысында Amanat пар­тиясының Алматы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Игорь Нессен, күш нөмірлері бойынша әлемнің төрт дүркін рекордшысы, Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы, қа­зақ халқының күштік дәстүр­ле­рін жалғастырушы Сергей Цырульников, Л.Н.Гумилев атын­­да­ғы ЕҰУ Журна­лис­тика және саясаттану факуль­те­ті­нің сту­денті Саян Сұңғатов, «Оберег» украиндар қоғамының жас­тар қанаты төрағасының орын­басары Юлия Лагуткина, «Возрождение» не­міс­тер қоға­мы­ның «Диамант» неміс жас­та­ры клубының төра­ғасы Анас­­тасия Киреева, «Ақ­бо­зат» баш­құрт этномәдени бір­лес­­­ті­гінің жастар қанатының төрағасы Ангелина Медведева, Polacy ҚБ жас­тар қанатының төрағасы Виктория Миленко және «Ассамблея жастары» елор­да­лық мү­ше­ле­рі өзара пікір алма­сып, ре­фе­­рендум аясында өткі­зіліп жат­қан жастармен түсін­діру жұмыстарының негізгі басым­дықтарына тоқталды. Жиын­да референдумның мән-маз­мұ­нын кеңінен сөз еткен спикер­лер уа­қыт талабына сәйкес конс­ти­туциялық реформалардың ма­ңыз­­­ын да атап өтті.

Соңғы жаңалықтар