Bahrain Victorious клубының колумбиялық велошабандозы аталған қашықтықты 4 сағат 27 минут 41 секундта бағындырды. Бұл – оның биылғы «Джиродағы» алғашқы жеңісі. Екінші орынды Буйтрагодан 35 секундқа қалып қойған нидерландтық Гийс Лемрейзе (Jumbo-Visma) иеленсе, үштікті чехиялық Ян Хирт (Intermarché-Wanty-Gobert Matériaux) түйіндеді. Ол мәре сызығын көшбасшыдан 2 минут 28 секундтан кейін қиды. Бұл кезеңде «Астана» өкілі Винценчо Нибали 17-орынға (5 минут 1 секунд) қол жеткізді.
Жалпы есепте әдеттегідей эквадорлық Ричард Карапас (INEOS Grenadiers) көш бастап тұр. Екінші және үшінші орынға аустралиялық Джей Хиндли (BORA-hansgrohe) мен «Астананың» экс-велошабандозы испаниялық Микель Ланда (Bahrain Victorious) жайғасқан. Винченцо Нибали бесінші сатыда.