Әлем • 27 Мамыр, 2022

Мұнай тиелген 17 вагон өзенге құлады

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Пенсильвания штатында пойыз рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұнай тиелген 17 вагон өзенге құлады

Оқиға бойынша мұнай тиелген пойыз жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан 17 вагон Аллегейни өзеніне құлаған. Теміржол көлігінің Norfolk Southern компаниясына тиесілі екені анықталды. Жүк көлігі мен пойыз жүргізушілері ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ.

Төтенше жағдай министрлігі жол бойын тазалау жұмыстарының жүргізілетінін айтып, тұрғындарға бұл аймақтан айналып өту қажеттігін ескертті.

Салтанат Кенжебай