Футбол • 28 Мамыр, 2022

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалы өтеді

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенбіден жексенбіге қараған түні футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.



Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалы өтеді

Ақтық кезеңде «Ливерпуль» (Англия) мен «Реал Мадрид» (Испания) командалары кездеседі.

Матч елорда уақытымен 00.40-та басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ойын Францияның Сен-Дени қаласындағы «Стад де Франс» стадионында өткізіледі. Кездесу барысында франциялық Клеман Тюрпен бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Николя Дано мен Сириль Гренгор көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де франциялық Бенуа Бастьен. Екі команда бұған дейін 8 мәрте кездесті. Оның 3-і «Ливерпуль» клубының басымдығымен аяқталса, біреуінде тең нәтиже тіркеліп, қалғанында испаниялық клубтың мерейі үстем болды.

Командалар осының алдында былтыр Чемпиондар лигасы 1/4 финалында кездесті. Бұл жолы «Реал Мадрид» (0:0, 3:1) клубы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Екі команда құрамында футболшылардан жарақат алғандар жоқ. Бүгінгі ойынға барлығы дайын.

«Ливерпуль» 6 мәрте Чемпиондар лигасы (Еуропа чемпиондар кубогы) кубогын төбесіне көтерген болатын.

Бұдан бұрын 2019 жылы жеңімпаз атанды. Ал «Реал Мадрид» Чемпиондар лигасы (Еуропа чемпиондар кубогы) турнирінде 13 мәрте жеңіс тұғырынан көрінді. Бұдан бұрын 2018 жылы үздік шықты.