Аймақтар • 28 Мамыр, 2022

Сенатор Әли Бектаев студенттермен кездесті

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аудандарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев Шымкент қаласындағы Өтебаев атындағы Жоғары технологиялар колледжінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатор Әли Бектаев студенттермен кездесті

Сенат депутаты Конституцияға енгізілетін және қазір еліміз халқының кеңінен талқылап жатқан негізгі өзгерістер туралы айтты.

«Бұл реформалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бастамаларының жалғасы, ел дамуы үшін маңызды қадам болып табылады. Егер референдумда сайлаушылар осы өзгерістерді қолдаса, онда бізде Президент айтып отырған әділетті Қазақстанды құруға мүмкіндік пайда болады», деді сенатор.

Кездесуде сондай-ақ Сенатта өткен жастар саясаты жөніндегі парламенттік тыңдауда көтерілген негізгі мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысушылар орта-арнайы білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, колледж түлектерін жұмысқа орналастыру және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты.