18 Сәуір, 2014

Мал баққанға бітеді

488 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
IMG_0710Ауыл баласының еңбекпен ете­не өсетіні белгілі. Жұмабай да жастайынан ауыл тірлігіне икемді болды. Мектеп бітіргеннен кейін комбайнға отырып, механи­за­тор­лықтың дәмін татты. Бұған «Жекенді» кеңшарында біраз жыл бас инженер болған әкесі Жарыл­ғасынның да ықпалы болды, ер-азаматтарға тән мамандықты өзі де жатырқамады. Көп уақыт өтпей-ақ, кеңшардың белді механизаторы ретінде таныла бас­тады. Отбасында көрген өнеге, техникаға деген ұсынықтылық жас жігітті жігерлендіре түсті. Кейін кеңшар тарап өндірістік кооперативке айналғанда да ұжымнан қол үзбеді. Өндірістік кооперативтің де өмірі ұзақ болмады, жаппай жеке­шелендіру басталды. Сонда ба­рып әкесі Жарылғасынның жол сілтеуімен, ақыл-кеңес беруімен өз алдына бөлек шығуды ұйғарды. Сөйтіп, 2001 жылы қазір өзі басқа­ратын «Жақып» шаруа қожалығын құрды. Бұл шаруа қожалығы Сарбие ауылының тыныс-тіршілігіне серпін беріп тұрған шаруашылық құрылымдарының бірі десек, қателесе қоймаспыз, сірә. Бастапқыда бір трактор, көне комбайнмен жұмыс бастауға тура келді. Ілдебайлап жөндеп, мал азығын дайындады, аз-кем егін салды. Сол жылы шаруа қожалығында небәрі 100 гектар егістік, 200 гектар шабындық, 200 қой, 35 ірі қара болатын. Шапқан шөбінің, жиған астығының артылғанын малға айырбастады, мал санын көбейтуге бағыт ұстады. Қазақта «Мал баққанға бітеді», «Мал балағынан өседі» деген сөз бар. Жыл өткен сайын мал саны да артты. Бұрынғы 200 қой қазір екі отар, 35 ірі қара бір табын болды, жылқы да бар, шүкір. 800 гектар жері бар. Түрлі техника да шаруасын жүргізуге жеткілікті. Енді Жұмабай Жақып мал тұқымын асылдандыруды қолға алды. Қазір Батыс Қазақстан облысынан Еділбай асылтұқымды қошқарларын, асылтұқымды бұқаларын сатып әкеліп, мал тұқымын асылдан­дыруда. Болашақта асылтұқымды мал шаруашылығы атағын алуға талаптанып жүргені осындай шаруагерліктің нәтижесі. Қазір барлық мал Бақтыарал қыстағында шоғырланған. Қыс қаттылау болғанымен мал шығынсыз бағылуда. Қойшы Жұмабай Бейсенқұлов, малшы Қанат Алдияров малдың жәйін, шаруаның қамын білетін жандар. Мал азығы жеткілікті, суаттан суарылады, шөп техникамен шашылады. Осылай «Жақып» шаруа қожалығының төрағасы Жұмабай Жақып ауылдағы шаруа­сын шалқытып отырғандардың қатарында келеді. Шаруашылық басшысы ет өндіру үшін мал сою цехын са­лып, пайдалануда. Об­лыс жә­не аудан орталығында өте­­­тін ауыл­шаруашылық тауар өн­­дірушілерінің азық-түлік жәр­меңкелеріне тұрақты қаты­сып тұрады. Бұл екіжақты тиім­ді қалалықтар арзан ауыл тағам­дарына қолдары жетсе, бұл өз өнімдерін өткізіп қалады. Астанада өткен осындай жәрмеңкелерге де артынып-тартынып барып жүр. Жәрмеңкелерге тонналаған ет, келілеп тары-талқан және басқа да тағамдарды тұрақты апа­рып тұрады. Жұмабай Жарылғасын­ұлының айтуынша, шаруа қожа­лы­ғында тары егістігін кеңейту көзделуде. Тарыдан дүние­жүзілік рекорд жасаған атақ­ты Шығанақ Берсиевтің жерінде тұрып бұл да­қыл­ды ұмыт қалдыруға болмайды, дейді ол сөз арасында. Астанда өткен азық-түлік жәр­мең­­кесіне барған бірінші жылы бас­қасын айтпағанда, 100 келі қуы­рылған тары, 50 келі талқан апар­са, екінші жылы 250 келі тары мен 100 келі талқан апарған. Бұл тағамдарды халық қыл үстінен бөліп әкетіпті. Яғни тары тағамына сұраныс жоғары. Сондықтан бұл дақылды өсіріп қана қоймай, ұлттық брендке айналдыруды ойластыруда. Оның жоба-жоспарын да көңілге түйіп жүрген жәйі бар. Ауылда дүкен ашып, халыққа сауда қызметін көрсетіп отырған да осы шаруа қожалығы. Дүкенде жолдасы Жұмагүл жұмыс істейді. Мұнда басқа тауарлармен бірге тұ­рақты түрде ет сатылады. Өзінің мал сою цехы арқылы көршілес екі ауылдың мектептерімен, бала­бақ­шаларын арзан етпен қамта­ма­сыз етудің де қамын жасауда. Бұл әрине, алдағы уақыттың ен­ші­сіндегі шаруалар. Қожалықтың ба­сы-қасында болатын інісі Сәкен де еңбекқор, шаруаның ыңғайын біледі. – Ауылдың тұрмысы түзелді. Ауызсу үйдің ішіне кіріп тұр. Көше­­лерде электр шамы самала­дай жар­қырайды. Дәрігерлік пункт, балабақша жұмыс істейді. Ауыл­дықтар үйлеріне еурожөндеу жасап жатыр. Асырып айтсақ , тұрғындар тұрмысы қаладағыдан кем емес, дейді «Жақып» шаруа қо­жалығың төрағасы Жұмабай Жақып. Жұмабай Жарылғасынұлы ауылдастарына қарасып, кө­мек қо­лын созудан қалыс қалмайды. Жыл сайын ардагерлерге арнап, Ұлы Жеңіс және Қарттар күндерінде дас­тарқан жайып, баталарын ала­ды, хал-қадерінше мерекелік сый-сияпат жасайды. Ауылдағы аз қам­тылғандарды да естен шығар­майды. Кейбіреулерінің балаларын қамқорласа, бірқатар отба­сы­ға отын-судан, жем-шөптен қа­ра­сады. Шаруа қожалығы бі­раз сарбиеліктерді жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Биылғы қыс бұрынғылардан қатаңдау болды. Ауылдықтар арасында қыс ұзап кете ме деген қауіп те жоқ емес еді. Бірақ, одан қысылмадық. Жем-шөп жеткілікті. Қазірдің өзінде Ойылға, ауылға шөп тасуды қолға алдық. Себебі, бұрынғы жұмсақ қысқа үйреніп қалғандар немесе жазда мол пішен түсіріп алуға шамасы келмегендерге жолдың ауырлығына қарамастан арзандау бағамен шөп жеткізіп беріп тұрдық, дейді ол бізбен әңгімесінде. Әңгіме дегеннен шығады, ол қыс бойы Жекенді мен Сарбие ауылының арасындағы он алты шақырым жолды да өз тракторымен тегін тазартуды мойнына алған. Сондықтан да, Сарбиеге баратын жол сайрап жататын көрінеді. Міне, осындай ізгілікті ісімен, адами қадір-қасиетімен биіктен көрініп жүрген азамат Ойыл аудандық мәслихатының депутаты ретінде өзекті мәселелерді шешуде де белсенді. Осының барлығын біреудің көзіне түсейін деп жасамайды, бұл оның өмірлік ұстанымы. Жұмабай Жарылғасынұлы өңір­дің экономикалық дамуы мен қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқаны үшін облыс және аудан әкімінің алғыс хаттарымен, «Парыз» республикалық конкурсына қатысқаны үшін марапатталған, «Алтын жүректің» жүлдегері. Ол сондай-ақ, «Ерен еңбегі үшін» және «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медальдарының да иегері. Отбасы тірлігі де ажарлы. Жолдасы Жұма­гүл екеуі қолындағы анасы Жанби­біні үкілеп күтіп отырғанын ауыл­дастары жақсы біледі. Өзі төрт ағайынды жігіттің өзара татулығы да марқұм әкесі Жарылғасын мен анасы Жанбибі салған ізгі дәс­түрден тамыр тартатыны сөз­сіз. Ал, балаларының үлкені Нұр­гүл Ақтөбе гуманитарлық коллед­жінде, Бекжан мен Диана облыс орталығындағы М.Құсайынов атын­дағы дарынды балалар мектеп-интернатында оқиды. Міне, еңбегімен еленудің біз білетін мысалы. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы.