Футбол • 30 Мамыр, 2022

Қазақстан футбол федерациясына 19 мың доллар айыппұл салынды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы матчта жанкүйерлер зат лақтырып, алаңға жүгіріп шыққаны үшін УЕФА Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро көлемінде айыппұл салды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан футбол федерациясына 19 мың доллар айыппұл салынды

Спорт саласының шенеуніктері ұлттық құраманың барша жанкүйерін алдағы матчтарға бару құқығынан айырылып қалмау үшін қолдау мәдениетін жоғары деңгейде көрсетуге шақырды.

Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы Молдоваға қарсы өткен Ұлттар лигасы матчында ұлттық құраманы қолдағаны үшін жанкүйерлерге алғысын білдірді.