ІІМ Криминалдық полиция департаменті Павлодар облысы ПД-мен бірлесіп ұйымдастырған арнайы операция нәтижесінде Семей қаласында ұрланған 40 бас жылқыны айдап өту кезінде бес адамнан тұратын өңіраралық қылмыстық топ ұсталды. Бұл топ сондай-ақ Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында алты мал ұрлығын жасаған. Тінту кезінде күдіктілерден тағы 67 ұрланған жылқы, автокөлік және екі мотоцикл табылды. Ұрланған мал алдын ала союға дайындалған жерге айдалып, етті таныс қасапшыларға сатып отырған.
Ұйымдасқан топқа қатысты ҚК-тің 262-бабы бойынша қосымша қылмыстық істер қозғалды. Яғни мүлкін тәркілей отырып, қылмыстық топты құру, басшылық ету және оған қатысқаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
Салтанат Кенжебай