Оқиға ел астанасы Тегусигальпадан оңтүстікке қарай 85 шақырым жерде орналасқан Чолутека қаласында болған.
Жергілікті телеарна қызметкерінің басына оқ тиген.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, БАҚ қызметкеріне үйінен жұмысқа бара жатқанда шабуыл жасалған. Билік жергілікті телеарна қызметкері қылмыстық топтардың нысанасына іліккен болуы мүмкін есептейді.
Сөз бостандығы комитетінің мәліметіне сүйенсек, Гондураста жыл басынан бері төрт журналисті өлтіріп кеткен. Ал 2001 жылдан бері елде 97 журналист кісі қолынан қаза тапқан.