Турнир аясында ағымдағы жылдың 30 мамырында Аққұм, 17 мекенжайы бойынша орналасқан «Ақжол» аула клубында тоғызқұмалақ, арқан тарту, футбол және т. б. спорт түрлері бойынша турнирлер мен концерттік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Жобаға белгілі қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ белгілі спортшылар қатысады деп жоспарланған.
Сонымен қатар Жалпыұлттық Республикалық Референдумды қолдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ волонтерлары мен қызметкерлері елорда тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және ақпараттық буклеттер таратуды жоспарлап отыр.