Аймақтар • 30 Мамыр, 2022

Атырау тұрғынынан қару-жарақ пен тыйым салынған діни кітаптар тәркіленді

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау тұрғынынан қару-жарақ пен тыйым салынған діни кітаптар тәркіленді

«Атырау облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 1993 жылы туған деструктивті діни ағымдардың өкілін анықтады. Оның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде «МР-79» маркалы 9 мм калибрлі травматикалық тапанша, оның патрондары (14 дана), тыйым салынған мәліметтері бар флеш-карталар (5 дана) табылып, тәркіленді», делінген Атырау облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы негізінде уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша Атырау қаласының №2 полиция бөлімі ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.