Әлем • 31 Мамыр, 2022

АҚШ-та екі қайық соқтығысып, 5 адам қайтыс болды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Джорджия штатында екі серуен қайығы соқтығысып, салдарынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-та екі қайық соқтығысып, 5 адам қайтыс болды

Саванна қаласына жақын Уилмингтон өзенінде болған оқиғадан екі адам бірден жан тапсырған. Қалған үшеуінің денесін құтқарушылар су түбінен алып шықты. Алдын ала тергеу мәліметіне сәйкес, жүргізушілердің бірі қайықты мас күйінде басқарған. Қазір ол қамауға алынып, істің мән-жайы анықталып жатыр.

 Салтанат Кенжебай