Спорт • 31 Мамыр, 2022

Үстел теннисінен Азия чемпионатына іріктеу өтеді

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасында Орталық-Азия бойынша Азия чемпионатына іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Үстел теннисінен Азия чемпионатына іріктеу өтеді

Аталған бәсеке 2-3 маусым күндеріне жоспарланған. Іріктеу додасына Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қазақстан құрамаларынан спортшылар қатысады. 

Алан Құрманғалиев, Ескендір Харки, Санжар Жұбанов, Сағантай Құрмамбаев, Сарвиноз Миркадирова, Ангелина Романовская, Анель Бақыт және Алиса Цвигун Қазақстан намысын қорғайды.