Оқиға • 31 Мамыр, 2022

Бақытгүл Хаменованың ісі сотқа жетті

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ісі сотқа жетті, деп хабарлайды Egemen.kz  «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап. 

Бақытгүл Хаменованың ісі сотқа жетті

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты қылмыстық іс келіп түскен. 

Хаменова мен Рысқалиевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бір топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы пара алуы) бойынша айып тағылды.

Еске салайық, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Атырау облысының арнайы тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.

Онымен бірге облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев те ұсталды.