Қазақстан • 31 Мамыр, 2022

Қазақстанға келетін ресейлік туристердің саны артты

807 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда биыл ішкі туристер саны 6 млн адамнан асуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанға келетін ресейлік туристердің саны артты

Бұл туралы «Kazakh Tourism» АҚ Ұлттық компаниясының басқарушы директоры Даниель Сержанұлы айтты.

«Елде енді ғана туристік маусым басталды. Биыл 6 миллионнан аса қазақстандық турист ел ішінде саяхат жасайды деген болжам бар. Бұл сан артуы да мүмкін. Біз көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, туристерге қажетті жағдайды жасағымыз келеді. Әсіресе, жүйелі, ұйымдастырылған туризмді дамыту маңызды. Шетелдік туристердің де қалауын ескерген жөн. Елімізге Ресей мен ТМД елдерінен қонақтар жиі келеді», деді Даниель Сержанұлы.

Оның сөзінше, Қазақстан отандық туризмді дамытуда араб елдерінің тәжірибесіне сүйенеді.

«Биыл былтырмен салыстырғанда Ресейден келген туристер саны жеті есеге артты. Бұл көрсеткіш тағы артуы мүмкін. Себебі бұл күндері Омбыда, Новосибирскіде, Екатеринбургта, Санкт-Петербург пен Мәскеуде қазақстандық туризмнің таныстырылуы өтіп жатыр. Қазірдің өзінде көрші елден шоп-турмен келуде», деді спикер.

Аяна Тоғанбек