«30 мамырда сағат 17:56 шамасында автобус жүргізушісі Сүйінбай көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Олар жолдың жүру бөлігін шығыс бағытта белгіленбеген жерде кесіп өткені белгілі болды», делінген Алматы ПД баспасөз қызметінің ақпаратында.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен жүргіншілер ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.