Үкімет • 01 Маусым, 2022

Әлихан Смайылов балаларды мерекелерімен құттықтады

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Әлихан Смайылов қазақстандық бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов балаларды мерекелерімен құттықтады

«Бүгін 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні. Биыл бұл мерекенің қазақстандық балалар мен ата-аналар үшін ерекше мәні бар. Өйткені Мемлекет басшысының Жарлығымен 2022 жыл Балалар жылы болып жарияланды. Барлық кішкентай балғындарымызды осы шуақты мерекемен құттықтаймыз. Жазғы демалыстары жақсы әрі қызықты өтсін. Балаларға қамқорлық жасау, олардың құқықтарын қорғау мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі», деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.