«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бедеулік салдарынан отбасылық жұптардың 20 пайызыы ажырасып жатқанына, отбасылық-демографиялық жағдайға алаңдаушылық білдіре отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды. Былтыр осы бағдарлама арқылы 7 000 әйелге қосалқы репродуктивтік технологиялар қолжетімді болды. Нәтижесінде 3 000-нан астам әйел жүктілік бойынша есепке алынды. 1307 отбасында көптен күткен 1560 бала дүниеге келді. Бұл бағдарлама «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін жалғасады», деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында.