Отырыс аясында Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін өнім шығаратын жеке мұнай өңдеу зауыттарынан (МӨЗ) салықтық жеңілдіктерді алып тастау, бизнес субъектілеріне МӨЗ-дегі инфрақұрылым объектілерін қолжетімді ету, оларда мұнай өнімдерін сақтауды регламенттеу, сондай-ақ мұнай өнімдерін тиеу және тасымалдау қызметтеріне тарифтерді төмендету тұрғысынан реттеу бойынша Энергетика министрлігі әзірлеген ұсыныстар талқыланды.
«МӨЗ-де қауіпсіздік жүйелеріне аудит жүргізу, өнімді өндіруді, сақтауды, сыртқа шығаруды және басқа да технологиялық процестерді бақылау, сондай-ақ олардың аумағында сұйытылған мұнай газын сақтау парктерін салу және олардың қызметімен байланысты мәселелер қаралды», делінген Үкімет басшысының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ отырысқа қатысушылар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және т. б. қызметіне қатысты кейбір мәселелерді қарады.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Комиссияның келесі отырысында шешім қабылдау үшін бірқатар тапсырма берді.