Қазақстан • 01 Маусым, 2022

Қазақстанда бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы енгізіледі

603 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңір әкімдіктері жанындағы тәуелсіз Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің лауазымдарын енгізуді тездету қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы енгізіледі

«Облыс әкімдіктеріне әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттағы балаларды сауықтыру шараларымен, жазғы демалыспен және бос уақыттарын пайдалы өткізумен барынша қамтуды тапсырамын. Барлық ауылдық елді-мекендерде спорт алаңдарын, балаларды дамыту орталықтарын жабдықтап, ойын-сауық, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру қажет», деді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайылов Денсаулық сақтау министрлігіне шалғайдағы елді мекендерде балалардың денсаулық жағдайына скринингтік және стоматологиялық тексерулер жүргізу үшін жылжымалы медициналық пункттердің жұмыс істеуіне қатысты шаралар қабылдауды тапсырды.

«Балалар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін Білім министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, өңір әкімдіктері жанындағы тәуелсіз Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің лауазымдарын енгізуді тездетсін», деді Премьер-Министр.