Референдум-2022 • 01 Маусым, 2022

Референдумға қатысу – тағдыршешті таңдау

218 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Павлодар облысында зиялы қауым, ауыл жастары, зауыт жұмысшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, спортшылар, бастауыш партия ұйымдары төрағалары және партия активімен бірқатар кездесу өткізді. Бұл жөнінде партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Референдумға қатысу – тағдыршешті таңдау

Баянауыл жастарымен кез­десуде Асхат Оралов Ата Заң­ға енгізілетін түзетулер аза­мат­тар­дың сұранысына оның ішінде, неғұрлым демо­кра­тия­лық, әлеу­мет­тік-әділ қо­ғам құру талабына толы­ғы­мен жауап беретінін атап өтті.

«Елімізде соңғы рет кон­с­т­иту­циялық референдум 1995 жылы өтті. Яғни тәуел­сіз Қазақ­стан­да туған жас­тар үшін бұл – алғашқы тә­жі­рибе. Сондықтан әркім өз пі­кі­рінің маңыздылығын және ел болашағы үшін жауап­кер­ші­­лікті сезіне отырып, 5 мау­­сымда дауыс беруі керек. Жаңа Қазақстанды құратын дәл осы жастар және бұл жолдағы ал­ғаш­қы қадам – референдумға қатысу. Конституцияға енгі­зі­летін өзгерістер әрбір қазақ­стан­дықтықтың өміріне әсер етеді», деді Асхат Оралов.

Өз кезегінде биология пәні­нің жас маманы Бөгембай Бахит­денов азаматтардың елі­міздің қоғамдық-саяси өмі­рі­не араласуын күшейтуге бағытталған Пре­зидент ұсын­ған реформалар бағы­тын то­лығымен қол­дай­ты­нын атап өтті. «Мен 5 мау­сым­да сайлау учаскесіне ба­рамын. Өйт­кені біз, жастар, ба­рынша бел­сенділік танытып, өзіміздің аза­­маттық борышымызды орын­дауымыз керек деп санаймын», деді ол.

Баянауыл ауданының зиялы қауым өкілдерімен кездесуде жергілікті тұрғындардың рефе­рендумға ұсынылған түзе­тулердің мәні туралы толық­қан­ды хабардар екені айтылды.

Ақсу қаласында партия­ның ат­қа­­рушы хатшысы ферро­қо­рыт­па зауытының жұмыс­шы­ларымен кездесіп, алдағы конс­ти­туциялық түзетулердің ма­ңы­зын талқылады. Зауыт қыз­мет­керлері Конституцияға енгі­зілетін өзгерістер қазақ­стан­дықтардың өміріне әсер ететін­діктен әрбір азамат 5 мау­сымда дауыс беруге қатысуы керек деп есептейді.

«Конституция – бәріміз үшін елдің маңызы зор басты заңы. Алдымыздағы айтулы күні Пре­зидент ұсынған ре­фор­ма­ларды көпшілік қол­­дай­ты­нына сенім­ді­міз. Осындай тағдыршешті мәсе­­лені өзіміздің шешуге құқы­ғымыздың болуы – өте құнды», деді зауыт ардагері Николай Сухотерин.

Павлодарда Асхат Оралов өңір­­дің зиялы қауым өкіл­де­­рі­мен және ақсақал­да­ры­мен де жүздесті. Жиынға қаты­су­шылар 5 маусымда облыс тұр­ғындары сайлау учас­ке­ле­ріне барып, жаппай дауыс беретіндерін жеткізді.

ҚХА этномәдени бір­лес­тік­терінің өкілдерімен, облыс жастары және спортшыларымен өткен кездесулерде конституциялық өзгерістердің мән-маңызы мен оның еліміздің тұрақты дамуына тигізетін әсері жайында сөз қозғалды. «Бар­лық түзетулер Пар­ламент арқылы өтсе де заңды болар еді. Бірақ жалпыұлттық референдум өткізу – бұл халықтың құқықтық мәдениетін арттыратын еліміздің тарихындағы ма­ңызды оқиға», деді Пав­ло­дар облысының фин-угор этно­мәдени орта­лығының төрағасы Ольга Николашина

Сонымен қатар А.Оралов бас­тауыш партия ұйымдары төраға­ла­рымен және аймақтағы партия активімен кездесіп, ма­ңыз­ды саяси науқан туралы пікір алмасты.