Референдум-2022 • 01 Маусым, 2022

Халық үні естілуі тиіс

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттарының референдумды насихаттау мақ­­са­тын­да аймақтарға іссапары жалғасуда. Еліміздегі үшін­ші мега­полис – Шымкент қаласына сапары барысында Мәжіліс депутат­тары Ғани Ташқараев пен Берік Бекжанов Еңбекші ауда­нына қарасты «Оңтүстік» арнайы эко­но­ми­ка­лық аймағында орна­лас­қан Shymkent qagazy мекемесі қыз­мет­керлерімен кездесті.

Халық үні естілуі тиіс

Халық қалаулылары жи­налған қауым алдында рефе­рен­думның мән-маңызын түсін­­дірді. «Рефе­рен­­дум әр қазақ­стан­дыққа жеке таң­­дауын жа­сау­ға мүмкіндік береді. Оның негізгі мәні – мемле­кет­тің бас­ты құқықтық құж­атын тұр­ғын­дар­дың өзде­рі қа­был­дай­тын­дығында. Дауыс беру арқылы ха­лық өз болашағын өзі шешеді», деді Ғани Ташқараев.

Берік Бекжановтың пікірін­ше, Әділетті Қазақстанға қадам бүгіннен басталуы керек. Әр дауыстың маңызы зор. Сон­дық­тан еліміздің барлық тұрғыны саяси науқанға белсене қатысып, өзі­нің азаматтық ұстанымын біл­діруге тиіс.

Депутаттар ат басын бұрған бұл мекеме түрлі маркалы картон қағаздар шығарумен айналысады. Жобаға 1,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, 50 жаңа жұмыс орны ашылды.

Кәсіпорын өз қызметінде табиғи ресурстарды тиімді қолда­ну­ды, қайталама шикізатты өңдеу арқылы өнім өндіруде зиян­сыз химиялық компоненттерді пай­далануды басшылыққа алады. Жақын арада компания өз өнімдерін ТМД, Қытай және Шы­ғыс Еуропа елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.