Референдум-2022 • 01 Маусым, 2022

Халық сапалы өзгерістерді қалайды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халық Конституцияға енген өзгерістерді бұл жолы оң қа­былдап отыр.

Халық сапалы өзгерістерді қалайды

Референдумның өтуіне аз-ақ уақыт қалды. Бұл жолы халық санақ нәтижесінің бұрмаланбайтынына сен­гі­сі келеді. Бұл жолы осы­ған дейінгі сайлауларда бай­қалғандай, сенімсіздік көз­қарас байқалмағаны үміт­­тендіреді. Жалпы, рефе­рен­дум халықтың мем­ле­кетке деген сенімін қай­та­руға жасалған игі қадам бол­мақ.

Ел мемлекеттік басқару деңгейінде де сапалы өзгерістер болғанын қалайды. Қазір Мемлекеттік қызмет агенттігі бюрократиясыздандыру бойынша жұмысты бастады. Теориялық тұр­ғы­дан мемлекеттік қыз­мет­те­гі рәсімдер мен құжат ай­на­лымының жартысын, тіпті уақыт өте келе 80 па­йызын алып тастауға бо­лады. Ұлттық эконо­мика министрлігі мен Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі блок­тық бюджет, бюджетті жос­пар­лау­дағы бюрократияның бәрін жою, мемлекеттік органдардың жұмыс жыл­дам­дығын арттыруға ба­сым­дық бере бастады. Осы бас­тамалардың барлығы фор­мализмге айналмайды деп се­немін.

 

Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,

экономист