Спорт • 01 Маусым, 2022

Бундеслигада топ жарды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік OSG Baden-Baden коман­дасымен бірге Германия Бунде­с­лига­сының чемпионы атанды.

Бундеслигада топ жарды

Мамыр айының соңғы аптасында ұйым­­дастырылған шахмат жарысында жер­лесіміз Бундеслиганың соңғы бес турына қа­тысып, командасына маңызды жеңіс сыйлады. Жансаяның командасы біріншіліктің аяқталуына бір тур қалғанда мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды. Аса тартысты өткен шешуші турда OSG Baden-Baden командасы SK Schwäbisch Hall ұжымынан айласын асырып, 3,5:2,5 есебімен басым түсті. Ең ма­ңыздысы, бұл сында Жансая Әбдімәлік қар­сылас командадағы отандасы Динара Сәдуа­қасованы қапы қалдырды.

Жансая 2019-жылдан бері германиялық OSG Baden-Baden командасында өнер көрсетіп келеді. Оның клубы Бундеслигада 2018 жылы топ жарған еді. OSG Baden-Baden биыл Бун­деслига тарихындағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді.  Ал Динара Сәдуақасованың командасы екінші орынға табан тіреді. Чемпионатта барлығы 12 команда бақ сынады.