Спорт • 01 Маусым, 2022

Әлем кубогында жүлде алды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Әзербайжанның астанасы Бакуде нысана көздеуден Әлем кубогы жарысы өтіп жатыр. Байрақты додада әлемнің 65 елінен келген 700-ден аса мерген спортшы өнер көрсетуде. Қазақстан құрамасы сапынан барған 40 спортшы жүлде «атып алуға» ниетті.

Әлем кубогында жүлде алды

Спортты дамыту дирекциясының мә­ліметі бойынша, жарыстың алғашқы күнін­де 10 метрден пневматикалық мыл­тық­пен нысана көздеу сыны өтті. Іріктеу кезе­ңінде қазақстандық Ислам Усейнов екін­ші орынға табан тіреп, финалға жолдама алды. Ал бас жүлде үшін өткен сайыста отанда­сымыз 260,5 ұпай жинап, әлем кубо­гының қола жүлдегері атанды. Бұл сында хорватиялық Миран Маричич топ жарса (261.8), сербиялық Лазар Ковачевич (260.9) күміс медальға ие болды.

Ал әйелдер арасындағы жарыста поль­шалық Клаудия Брес жеңіске жетсе, француз Камилле Эдржеевски күміс, болга­рия­лық Антоанета Костадинова қола жүлде алды.