Тағайындау • 01 Маусым, 2022

Қорғаныс министрінің жаңа кеңесшісі тағайындалды

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлішер Сүлейменов Қорғаныс минстрінің идеология, ақпарат және коммуникация жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрлікке сілтеме жасап.

Қорғаныс министрінің жаңа кеңесшісі тағайындалды

Әлішер Сүлейменов әр жылдары отандық бұқаралық ақпарат құралдарында бас редактор, бас продюсер, директорлар кеңесінің төрағасы, медиахолдингтердің басшысы лауазымдарын атқарған.

Ұзақ уақыт Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының кеңесшісі лауазымдарында жұмыс істеді.

Журналистика және кинематографиялық өнер, Ғылым академияларының академигі, Қазақстан Республикасы кинематографистер және Журналистер одақтарының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Қоғамдық келісімді нығайтуға және Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалімен марапатталды.

Аяна Тоғанбек