Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Нұрбол Кәрімов осы жылдың 20 мамырынан бастап соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда отыр. Оған қатысты алаяқтық іс-әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеу барысында Алматы қаласында лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеудің қосымша фактісі анықталды. Каримов басқа ұқсас қылмыстарды бұрын жасаған болуы мүмкін екенін хабарлаймыз», делінген агенттік хабарламасында.
Еске сала кетсек, 19 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына жер учаскесін ресімдеуді талап еткен Нұрбол Каримовты әшкереледі.